Алматыда да "трамвайлық ренессанс" жоспарланған болатын. Техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) материалдары бойынша, 35 аялдамасымен ұзындығы 22.9 шақырымды құрайтын алғашқы желі Алматының батысындағы жаңа және ескі ықшамаудандарды қаланың тарихи орталығымен жалғастыруы тиіс болды. Автокөлік жолдарынан толығымен оқшауланған жолдармен, көше қиылыстарында басымдықты иемдене отырып, қазіргі таңда 4 минут интервалымен 36 заманауи түбі төмен көп секциялы трамвай жүруі
тиіс болатын.