Бірқатар қала құрылысы шешімдері аз уақытта адамдардың көп санын тасымалдауға қабілетті жүрдек трамвайдың пайда болуына негізделіп қабылданған болатын. Соның ішінде "Алматы Арена" тартылыс ортасы мен оның айналасында ірі ықшамаудандардың пайда болуы және онда индустриялық аймақтың құрылысын салу жобасы. 2020 жылғы жаз мезгілінде біз осы тұрғын алаптарының 300-ден астам тұрғынына олардың көлікке қатысты талғамын білу үшін сауалнама жасадық. Жауап бергендердің шамамен үштен бір бөлігі осында тұрғын үй сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде, ауданда жүрдек трамвайдың пайда болуын назарға алғанын атап өтті.
Анықталғанындай, сұхбаткерлердің 80%-дан астам бөлігі күн сайын ауданнан жолға шығады (диаграмма). сұхбаткерлердің 88%-ы күн сайын немесе аптасына бірнеше рет қоғамдық көлікті пайдаланады. Басты баратын нүктелері – қала орталығы, Сайран немесе Саяхат маңы, яғни жобаланып қойған алғашқы ЖРК желісімен байланыстырылуы тиіс тораптар. Барлық сұхбаткерлердің 88%-ы жолға бір сағат және одан артық уақыт жұмсайды. Жауап бергендердің небәрі 8%-ы қоғамдық көліктің жұмысына қанағаттанады. Сұхбаткрлердің 98%-ы қоғамдық көлікті жиірек пайдаланар еді, егер де ол барынша жылдам, жайлы және қауіпсіз болса, сұхбаткерлердің 89%-ы өз ауданында ЖРК пайда болуын күтуде.
Бірақ ең қызықты деректер, әдеттегідей, бөліктерде.
Өз ауданынан жолға шығатындардың 70%-дан астам бөлігі жол жүру үшін қоғамдық көлікті пайдаланады; шамамен 18%-ы күн сайын автомобильді пайдаланады, бұл – Алматы Арена ауданынан жүретін көшелерде үнемі кептелістердің туындауына әкеледі. Автоиеленушілердің 85%-ы бір сапарға бір сағат және одан артық уақыт жұмсайды. Автобустарды күн сайын немесе аптасына бірнеше рет пайдаланатын сұхбаткерлердің 93%-ы әр сапарда жолға бір сағаттан артық уақыт жұмсайды. Осы себепті, бұл топтағы тұрғындардың дәл осындай бөлігі аудандағы қоғамдық көліктің қызметтеріне қанағаттанбайды. Ауданда ЖРК тармағының пайда болуын негізге ала отырып осы жерден тұрғын үй сатып алған аудан тұрғындарының 84%-ы (бұл – сауалнамаға жауап бергендердің шамамен үштен бір бөлігі; тағы 44%-ы пәтерді әлеуметтік бағдарламалар бойынша алған) жолда бір сағат және одан артық уақыт жұмсауға мәжбүр.