Трамвай желілерінің жойылуы және жаңа жүрдек трамвай жобасы бойынша екіұштылық Төле би көшесі бойындағы ілгерілеуді тоқтатып тастады (тарихи орталықтан неғұрлым алыс болса, қызметтердің алуан түрлілігі де соғұрлым төмен) және жұмыс орындарының, мүмкіндіктердің және қызметтердің тым аз болуымен қолжетімді тұрғын үйдің үлкен көлемдері пайдалануға беріліп жатқан Момышұлы көшесі бойындағы ықшамаудандарға кері әсерін тигізуде.
Мұндай сәйкессіздік қалалықтардың көлік қызметтеріне жұмсайтын уақыт және ақша шығындарын арттырып, жеке автокөліктермен қозғалу көлемін ұлғайтуда, ал бұл – ЖКО өсуіне және шығарындылардың артуына әкеледі. Барлық осындай аспектілер осы екі көшенің, әсіресе Момышұлы көшесінің жалпы тартымдылығын төмендетуде.
Жүрдек трамвай жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша бұрын жүргізілген зерттеулерді ескере отырып, біз оны іске асыруға шақырамыз. Бұл – Төле би көшесі ауданындағы нысандардың және Момышұлы көшесі бойындағы тұрғын үй алаптарының қолжетімділігін жақсартады, оларды қаланың тарихи орталығындағы тартылыс орталарымен байланыстырады, олардың ревитализациясы мен дамуына жәрдемдеседі, осы аудандағы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады.
Азаматтардың икемділігінің жақсаруы, шығарындылар мөлшерінің, 1 сапарға жұмсалатын уақыт және қаржы шығандарының, сондай-ақ көлік кептелістері мен ЖКО-ның азаюы – осының барлығы қолда бар жүрдек трамвай жобасын іске асыру қажеттілігін дәйектей түседі. Автобустармен (жылжымалы құрамның сыйымдылығы, қозғалу жылдамдығы, қызметкерлер саны) және метромен (құрылысы мен жылжымалы құрамының құны және мерзімдері, қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар) салыстырғанда оның тиімділігін растайтын жан-жақты есептеулер бар.
Көптеген білім беру нысандарының қала орталығында, соның ішінде бірінші ЖРК желісінің бағыты бойымен орналасуы, студенттік жатақханаларды салу үшін жердің болмауымен бірге – олардың корпустарының бір бөлігін Момышұлы көшесі ауданына көшіру мүмкіндігіне немесе онда студенттік жатақханалар салу және оларды жүрдек трамвай арқылы оқу корпустарымен байланыстыру мүмкіндігіне жол ашады. Мұндай шешім Алматы қаласында бұрын да қолданылған: бұрын № 6 трамвай бағытымен Торғайғыров көшесіндегі АТУ жатақханасы Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан АТУ оқу корпусымен байланыстырылған.
ЖРК жобасының іске асырылуы Алматыда жеке көліктің жайлы баламасын қамтамасыз етеді және кептелістер мәселесін шешуге жәрдемдеседі. Қалалықтар баратын жеріне кептеліссіз, заманауи трамваймен жайлы жетіп алу мүмкіндігіне ие болар еді. ЖРК бұрыннан келе жатқан көлік және жоспарлау мәселелерін реттеуге және көптеген ілеспе мәселелерді жылдам шешуге көмектеседі. Алматыда жобаны әзірлеудің әртүрлі кезеңдерінде орташа есеппен үш жыл мерзім айтылатын.
Алматыда мұндай жүйені салуға әбден болады, бізде ақша да, мүмкіндіктер де бар. Тек қана биліктегілердің саяси ықтияры және қоғам тарапынан айқын сауал қажет.
Біз сізді Алматыда жүрдек трамвай құрылысын қолдау бойынша науқанымызға қосылуға шақырамыз. Біз
петицияны іске қостық және сізден оған қол қоюыңызды сұраймыз. Сондай-ақ инстраграмдағы маскаларымызды байқап көріңіз және осы материалды міндетті түрде бөлісіңіз!