АКАДЕМИЯ
WILDLIFE PHOTOGRAPHER OF THE YEAR
2024, Алматы, Казахстан
В июне 2024 года в течение 5 дней 18 казахстанских подростков 15-17 лет обучались искусству фотографии дикой природы под руководством всемирно известного фотографа-натуралиста Клауса Нигге в рамках Академии Wildlife Photographer of the Year Kazakhstan 2024. Обучающая академия – проект лондонского Музея естественной истории (Natural History Museum) в сотрудничестве с The British Council Kazakhstan и Общественным фондом Urban Forum Kazakhstan. Академия Wildlife Photographer of the Year в 2023 году была впервые организована в Индии, а в 2024 году проект был реализован в Казахстане и Узбекистане.

В программе занятий воркшопа в Алматы были теоретические занятия в классе и выездная практика в окрестностях города – участники проекта побывали в Главном Ботаническом саду Алматы, ущелье Кимасар и озере Сорбулак.
АКАДЕМИЯ WILDLIFE PHOTOGRAPHER OF THE YEAR
Академия Wildlife Photographer of the Year (WPY) — проект лондонского Музея естественной истории в сотрудничестве с The British Council Kazakhstan и Общественным фондом Urban Forum Kazakhstan. В рамках пятидневного воркшопа юные участники из региона в возрасте 15-17 лет обучались этическому подходу к съёмке дикой природы, знакомились с основами охраны окружающей среды и постигали азы фотографии. Благодаря такому творческому подходу, они получили возможность глубже понять природу и активнее содействовать её сохранению на региональном уровне. Воркшоп под руководством всемирно известного фотографа дикой природы и победителя конкурса WPY Клауса Нигге дал подросткам знания и навыки, которые позволяют им создавать глубокие и значимые истории о природе их родного края.

WILDLIFE PHOTOGRAPHER OF THE YEAR
Конкурс WPY, основанный и проводимый Музеем естественной истории в Лондоне, является старейшим и престижным в своём жанре. С 1965 года международное жюри ежегодно отбирает 100 лучших фотографий, оценивая их по критериям оригинальности, сюжета и этичности подхода. Эти снимки, от портретов животных до изображений городской дикой природы и подводного мира, включая работы юных фотографов до 17 лет, рассказывают невероятные истории о дикой природе, с которой мы делим нашу планету.

ХОТИТЕ ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ?
Конкурс WPY открыт для всех, независимо от возраста, национальности или уровня мастерства. 61-й конкурс стартует 14 октября 2024 года и завершается 5 декабря 2024 года в 11:30 по Гринвичу.
Правила конкурса переведены на 15 языков, а участие в молодежной категории — бесплатное.
Подать заявку онлайн и вдохновиться работами победителей можно на сайте: www.wildlifephotographeroftheyear.com
5 сентября в Главном Ботаническом саду открылась выставка фотографий, сделанных участниками академии в ходе выездных экскурсий. На выставке представлены вдохновляющие работы участников воркшопа, раскрывающие их уникальный опыт общения с природой. Посетить выставку под открытым небом можно до 29 сентября 2024 года.
Горы
Фотографии этой секции сделаны в ущелье Кимасар. Ущелье Кимасар и одноименная река являются частью Малоалматинского урочища Заилийского Алатау. Ущелье простирается на 6 км по лесолуговой зоне, поднимаясь с 1700 м над уровнем моря до почти 3000 м над уровнем моря. В начале лета на полянах между тянь-шаньской елью, осиной, рябиной, березами цветут различные горные травы и кустарники: шиповник, барбарис, герань, душица, зверобой, лютики и другие. На открытых склонах растет малина и земляника. Разнообразен и животный мир ущелья Кимасар.
Степь
Плато Карой, куда отправились в экспедицию участники Академии Wildlife Photographer of the Year Kazakhstan, представляет собой небольшую возвышенность между Капчагайским водохранилищем и рекой Курты в полупустынной зоне по южной границе долины реки Или. Из-за малого количества осадков и сильного ветра здесь преобладает низкая растительность: полынь, типчак, ковыль и другие злаки. Весной цветут тюльпаны и маки. В лесополосах гнездится орлан-белохвост, пустельга, грачи. В зарослях вдоль каналов и озер обитают барсуки, лисы, зайцы, шакалы.
Озеро
На представленных фотографиях – две локации: озеро Сорбулак в Алматинской области и Аэропортовское озеро, которое находится в границах Алматы.

Озеро Сорбулак расположено на плато Карой. Это самое большое озеро-отстойник в СНГ, куда попадают уже прошедшие очистку сточные воды Алматы и окрестностей. За несколько десятилетий здесь сформировалась устойчивая экосистема: по берегам массово гнездятся и кормятся различные виды водоплавающих и околоводных птиц. Во время весенних и осенних миграций на озере можно увидеть стаи пеликанов, лебедей. В изобилии встречаются рыбы, земноводные, ракообразные, насекомые.

Аэропортовское озеро, в которое впадает река Малая Алматинка, расположено в северо-восточной части города. Его общая протяженность 690 м, средняя ширина – 180 м. На озере и в его окрестностях обитает более 60 видов птиц, а также несколько видов рыб, озерная лягушка, ужи, ондатры. На участках водоема, заросших тростником, гнездятся фазаны, малые выпи и кряквы. Практически круглый год на озере обитают большие бакланы. Летом здесь можно увидеть хищных птиц и ласточек, услышать пение соловьев и дроздов.

Сад
Главный Ботанический сад – особо охраняемая природная территория республиканского значения со статусом природоохранной и научной организации. Главный ботанический сад был основан в 1932 году. Сейчас половину территории сада (более 50 га) занимает экспозиционная зона, где собрана коллекция растений Казахстана, Сибири и Дальнего Востока, Восточной Азии, Европы, Крыма, Кавказа, Северной Америки, японский сад. Девять научных лабораторий Института ботаники и фитоиндтродукции ведут постоянную работу: в научной зоне сада расположены интродукционные питомники, маточные насаждения растений для тиражирования, экспериментальные участки и резервные территории для развития.
избранные работы победителей конкурса WPY 59 в разных возрастных категориях
Победители конкурса WPY 59
Категория The Young Wildlife Photographer of the Year

Конкурс The Young Wildlife Photographer of the Year в 1981 году был расширен – в него добавили категории до 10 лет, 11–14 и 15–17 лет. За эти годы эта секция выросла с нескольких заявок до более чем 4000 заявок от участников со всего мира.

Победа или участие в конкурсе означает не только денежный приз, публикацию и приглашение на церемонию награждения в Лондоне, но и возможность для молодых фотографов пообщаться с ведущими фотографами дикой природы и защитниками природы. Конкурс является источником вдохновения для молодых людей, многие из которых сделали успешную карьеру в области фотографии дикой природы или кинопроизводства. Сегодня конкурс продолжает поддерживать и вдохновлять новое поколение фотохудожников и любителей природы по всему миру.

Конкурсный отбор для этой секции WPY стартует 14 октября 2024 года, участие в нем бесплатное. Хотите принять участие? Подробности по ссылке: www.nhm.ac.uk/wpy/competition

Академия Wildlife Photographer of the Year – проект лондонского Музея естественной истории в сотрудничестве с the British Council Kazakhstan и Общественным фондом Urban Forum Kazakhstan.

Биылғы шілде 15-17 жастағы 18 қазақстандық жасөспірімдер 5 күн бойы әлемге танымал фотограф-натуралист Клаус Ниггенің шәкірті болды. Оқыту академиясы – Лондондағы табиғи тарих мұражайының (Natural History Museum) жобасы. Жоба The British Council Kazakhstan және Urban Forum Kazakhstan Қоғамдық қорымен серіктестікте 2024 жылы Алматыда өткізілді. Wildlife Photographer of the Year Академиясы алғаш рет 2023 жылы Үндістанда ұйымдастырылды, ал 2024 жылы бұл жоба Қазақстан мен Өзбекстанда жүзеге асырылды.

Олар жабайы табиғат фотосурет өнерінің дағдыларын үйренді. Бағдарлама теориялық сабақтардан және Алматы төңірегіне шығу тәжірибесінен тұрды: жоба қатысушылары Алматыдағы Бас Ботаникалық бақта, Қимасар шатқалында және Сорбұлақ көлінде болды.

WILDLIFE PHOTOGRAPHER OF THE YEAR АКАДЕМИЯСЫ

Фотосурет өнері — табиғат туралы маңызды оқиғаларды айту үшін қолданылатын күшті құрал. Оның көмегімен біз табиғат сұлулығынан шабыт аламыз, табиғат тап болған проблемалар жайлы ойланамыз, ал табиғат қорғаушылар өз ойын жеткізеді.
Wildlife Photographer of the Year (WPY) академиясы Лондондағы Табиғат тарихы мұражайының The British Council Kazakhstan және Urban Forum Kazakhstan қоғамдастық қорымен бірлесіп жасаған жобасы. Бес күндік уоркшоп аясында өңірдің 15-17 жас аралығындағы жас қатысушылары жабайы табиғатты суретке түсірудің этикалық принциптерін, қоршаған ортаны қорғау жолдарын және фотосурет негіздерін үйренеді. Осындай шығармашылық тәсілдеменің арқасында олар табиғатты тереңірек түсініп, оны қорғауға аймақтық деңгейде белсенді қатысады. Әлемге әйгілі жабайы табиғат фототілшісі және WPY байқауының жеңімпазы Клаус Нигге жетекшілік ететін уоркшопта жастар туған жерінің табиғаты туралы маңызды тақырып қозғауға мүмкіндік беретін машық үйреніп, білім алады.

Бұл көрмеде уоркшопқа қатысушылар табиғатпен қалай қарым-қатынас орнатқанын көріп, олардың жұмыстарынан шабыт алуға болады.


WILDLIFE PHOTOGRAPHER OF THE YEAR

Лондондағы Табиғат тарихы мұражайы ұйымдастыратын және басқаратын WPY байқауы — ұзақ уақыт бойы өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең беделді жарыс. 1965 жылдан бері сарапшылардан құрылған халықаралық қазылар алқасы жыл сайын 100 үздік фотосуретті бірегейлігі, тақырыбы және этикалық принциптерге сүйеніп қаншалықты түсірілгені бойынша бағалайды. Бұл фотосуреттер — жануарлардың портреттері мен фотожурналистикадан бастап қалалық жабайы табиғат пен су асты әлемі фотосуреттері және 17 жасқа толмаған жас фотографтардың жұмыстары — бізбен бірге осы планетада өмір сүретін жабайы табиғат туралы керемет оқиғаларды баяндайды.

ҚАТЫСҚЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

WPY байқауына бәрі қатыса алады, жас, ұлт немесе тәжірибе бойынша шектеу жоқ. 61-байқау 2024 жылғы 14 қазанда басталып, 2024 жылғы 5 желтоқсанда Гринвич уақытымен 11:30-да аяқталады.
Байқау ережелері 15 тілге аударылған, жастар санатына қатысу тегін.
Онлайн өтінім беру және өткен жеңімпаздардың жұмысынан шабыт алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: www.wildlifephotographeroftheyear.com
@nhm_wpy #WPY61

5 қыркүйекте Бас Ботаникалық бақта академия қатысушыларының далалық шығу барысында түсірген фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Ашық аспан астындағы көрмені 2024 жылдың 29 қыркүйегіне дейін тамашалауға болады.
ТАУ
Бұл секциядағы фотосуреттер Қимасар шатқалында түсірілген. Қимасар шатқалы мен аттас өзен Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Қимасар шатқалы теңіз деңгейінен 1700 метрден 3000 метрге жуық биіктікте орналасып, орманды-шалғынды аймақ арқылы 6 километрге созылады. Жаздың басында Тянь-Шань шыршасы, көктерек, шетен, қайың ағаштары арасындағы алқаптарда әртүрлі тау шөптері мен бұталары гүлдейді: итмұрын, бөріқарақат, қазтамақ, жұпаргүл, шайқурай, сарғалдақ және т.б. Ашық беткейлерде таңқурай мен құлпынай өседі. Қимасар шатқалының фаунасы да алуан түрлі.
ДАЛА
Wildlife Photographer of the Year Kazakhstan академиясының қатысушылары экспедицияға барған Қараой үстірті – Іле өзені аңғарының оңтүстік шекарасындағы жартылай шөлді аймақтағы Қапшағай су қоймасы мен Күрті өзені аралығындағы шағын төбе. Жауын-шашынның аз болуына және желдің қатты соғуына байланысты мұнда аласа өсімдік басым: жусан, бетеге, боз және басқа да шөптер. Көктемде қызғалдақ пен көкнәр гүлдейді. Орман алқабында аққұйрық, күйкентай, құзғын қарға ұя салады. Канал мен көл бойындағы қалың тоғайларды борсық, түлкі, қоян, қорқау қасқырлар мекендейді.
КӨЛ
Мұндағы фотосуреттерде екі орынды көруге болады: Алматы облысындағы Сорбұлақ көлі және Алматы шекарасында орналасқан Әуежай көлі.
Сорбұлақ көлі Қараой үстіртінде орналасқан. Бұл — ТМД-дағы ең ірі тұнба көл, оған Алматы мен оның маңайындағы тазартылған ағынды сулар сонда құяды. Бірнеше ондаған жылдар ішінде мұнда тұрақты экожүйе қалыптасты: суда және су жағалауында мекендейтін құстардың түр-түрі ұя салады. Көктемгі және күзгі көші-қон кезінде көлде бір топ пеликандар мен аққуларды көруге болады. Балықтар, қосмекенділер, шаян тәрізділер, жәндіктер көптеп кездеседі.
Ал қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Әуежай көліне Кіші Алматы өзені құяды. Оның жалпы ұзындығы 690 м, орташа ені 180 м. Көлде және оның төңірегінде құстардың 60-тан астам түрі, сонымен қатар балықтың, көл бақасының, шөпті жыландардың, ондатрлардың бірнеше түрі мекендейді. Су қоймасының қамыс өскен жерлеріне қырғауылдар, кіші оқпақтар мен барылдауықтар ұялайды. Көлде жыл бойы дерлік суқұзғын өмір сүреді. Жазда мұнда жыртқыш құстар мен қарлығаштарды көруге және бұлбұл мен сайрақ сайрағанын естуге болады.

БАҚ
Бас ботаникалық бақ — табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесіне ие республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Бас ботаникалық бақ 1932 жылы құрылған. Қазір бақ аумағының жартысын (50 гектардан астам) Қазақстан, Сібір және Қиыр Шығыс, Шығыс Азия, Еуропа, Қырым, Кавказ, Солтүстік Америка мен Жапонияда өсетін өсімдіктердің алуан түрін көрсететін көрме алып жатыр. Бақ ішінде ботаника және фитоинтродукция институтының тоғыз ғылыми зертханасы тұрақты жұмыс істейді: бақтың ғылыми аймағында интродукциялық тәлімбақтар, өсімдіктерді көбейтуге арналған өсімдіктердің аналықтары, тәжірибе алаңдары және игеруге арналған резервтік аумақтар бар.
Wildlife Photographer of the Year 59 байқауының әртүрлі жас санаттарындағы жеңімпаздардың таңдаулы жұмыстары
WPY 59
The Young Wildlife Photographer of the Year категориясы

Үш жаңа санаты бар (10 жасқа дейін, 11-14 және 15-17 жас аралығындағы) The Young Wildlife Photographer of the Year байқауы 1981 жылы пайда болды. Бастапқыда қатысушылар саны аз болса, кейінгі кезде әлемнің түкпір-түкпірінен түскен өтінімдер саны 4,000-нан асты.

Бұл байқауда жеңіске жету немесе жүлделі орын алу тек ақшалай сыйлық, жариялау және Лондон қаласында өтетін марапаттау рәсіміне шақырумен ғана шектелмейді. Жас суретшілер өз саласында жетекші орынды иеленген табиғат фотографтары және табиғат қорғаушыларымен танысуға мүмкіндік алады. Байқау табиғат фотографы немесе фильм түсірушісі ретінде табысты мансапқа ие болған жастарға үлкен шабыт сыйлаған. Бүгінгі таңда бұл байқау жас буынның фотосурет өнері мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, шабыттандырады.

Бұл категорияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14 қазанында басталады. Байқауға қатысу тегін. Сіздің қатысқыңыз келе ме?
Толығырақ ақпарат: www.nhm.ac.uk/wpy/competition

Оқыту академиясы – Лондондағы табиғи тарих мұражайының (Natural History Museum) жобасы. Жоба The British Council Kazakhstan және Urban Forum Kazakhstan