Манифест
Urban Forum Kazakhstan: 10 лет служения городам и людям

В этом году фонд Urban Forum Kazakhstan отмечает свое десятилетие — важный рубеж, за которым стоит глубокая преданность нашей команды и наших партнеров идее устойчивого городского развития.

Десять лет назад дискуссия о городах, инклюзивности, климатической повестке, удобстве и безопасности городской среды едва упоминались в публичной политике и находились на периферии общественного внимания. Темы городского развития оставались прерогативой власти и бизнеса, а многие важные решения в данной сфере принимались за закрытыми дверями, без вовлечения независимых экспертов и без учета мнения горожан, что часто становилось причиной возникновения конфликтов.

Преодоление этой несправедливости, вызванной отсутствием диалога, стало основной причиной появления нашей инициативы. Urban Forum Kazakhstan поставил своей целью создание независимой экспертной площадки, ресурсного центра и образовательной платформы для превращения урбанистического дискурса в значимый и влиятельный фактор прогрессивного и инклюзивного развития.

За это десятилетие Urban Forum Kazakhstan при поддержке целого ряда партнеров сумел перевести разговор о городах из нишевого в мейнстрим, от первых публичных разговоров до полноценного урбанистического дискурса, который сегодня уверенно звучит на самых высоких уровнях, влияет на реальные решения и рассматривает вовлечение гражданского общества в их принятие как необходимость, не требующую дополнительных обоснований. Наш главный фокус на социальную справедливость и устойчивое развитие и продвижение передовых решений сделал эти темы неотъемлемой частью общественной повестки. Фонд сыграл ключевую роль в том, чтобы вывести этот разговор из круга энтузиастов в сферу системных решений, в процессы планирования, проектирования и управления. Сегодня это — приоритеты национальной и местной повестки.

Урбанистика для нас – это совместные усилия всех акторов городских процессов по созданию комфортной городской среды, стимулирующей экономическую активность, уважительной к социальным экосистемам, идентичности и биоразнообразию. Среды, благоприятной для людей всех возрастов, независимо от их экономического статуса, района проживания или гендера.

Для этого мы сделали ставку на информированный диалог – диалог, основанный на анализе данных, уникальной местной экспертизе и лучших мировых практиках. Наши подходы к проведению городских исследований поставили высокую планку в плане методологии, глубины и мультидисциплинарности. Многие из этих исследований были проведены в нашем регионе впервые – это проекты дружественности городов к детям, развития нецентральных районов, реновации, социального жилья, а также авторская методология проведения комплексных предпроектных исследований.

Успехи фонда видны не только в отчетах по этим исследованиям, но и в реальных преобразованиях. Наш принцип работы – от исследований через диалог к адвокации – помог провести масштабные информационные кампании, улучшить проекты преобразования среды, усовершенствовать процессы принятия решений, повысить дорожную безопасность.

Важным достижением Urban Forum Kazakhstan является создание Градостроительного совета в Алматы, на продвижение которого у нас ушло три года исследований, адвокации, переговоров с заинтересованными сторонами. Предстоит еще немало работы для того, чтобы усовершенствовать его работу и сделать ее максимально профессиональной и прозрачной, однако уже сейчас благодаря этой институции в крупнейшем городе страны принимаются более качественные градостроительные решения.

Образование — ещё один ключевой аспект деятельности фонда. Программы «Города и люди», Urbanitarium и Urban Forum Press сыграли важную роль в формировании нового поколения городских исследователей, активистов и будущих управленцев. Это не просто образовательные ресурсы — это новая культурная платформа, которая помогает людям глубже понимать динамику развития городов и важность качественной городской среды. Обе эти программы стали точками роста для действующих и будущих специалистов, для которых город — не просто объект, а пространство жизни и справедливости.

Создание этой платформы стало возможным во многом благодаря нашим многолетним усилиям по выстраиванию национального и международного пула экспертов, а также по развитию сети урбанистических инициатив в городах Казахстана. Благодаря им география работы фонда расширилась далеко за пределы Алматы — важные проекты реализованы и получили свое продолжение силами локальных групп в Астане и Караганде, Оскемене и Шымкенте. Масштабная программа реализована в Атырау.

10 лет Urban Forum Kazakhstan — это десятилетие побед, инноваций и смелых решений. Это доказательство того, что независимый экспертный взгляд, вовлеченность горожан и акцент на устойчивость способны изменить города к лучшему. И для всех нас это только начало. Впереди новые высоты, новые вызовы и новые достижения, которые мы будем рады встретить вместе с нашими партнерами, друзьями и единомышленниками в разных секторах – в научных центрах и профессиональном сообществе, в гражданском обществе и бизнесе, в акиматах и культурных институциях, в вузах и международных организациях.

Сегодня урбанистика — это не только наука о городе, не только пилотные проекты для точечных изменений, не красивые рендеры и не современные формы благоустройства. Это повседневная практика всех тех людей и организаций, кто заинтересован в лучшем будущем для наших городов и для каждого из их жителей. Эта практика сегодня требует укрепления институтов, углубления диалога, изучения и адаптации лучших практик на системном уровне, как того требует город – живой, сложный организм, который требует внимания не только к инфраструктуре, но и к людям, пространствам и системам.

Мы не просто празднуем юбилей. Мы строим новую главу. Urban Forum Kazakhstan продолжит быть пространством независимой экспертизы, платформой для диалога и двигателем перемен в городах, где каждый имеет право на достойное качество жизни, участие в принятии решений, экологическую безопасность и свободу самовыражения.
Манифест
Urban Forum Kazakhstan: 10 жыл бойы қалалар мен адамдарға қызмет ету

Биыл Urban Forum Kazakhstan қоры өзінің он жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл – қаладағы тұрақты даму идеясын берік ұстанған біздің ұжым мен серіктестеріміздің табанды еңбегін айқындайтын маңызды белес.

Осыдан он жыл бұрын қалалар, инклюзивтілік, климаттық күн тәртібі, қала кеңістігінің қолайлылығы мен қауіпсіздігі жөніндегі ой-пікірлер қоғамдық саясатта сирек талқыланып, жұрт назарынан тыс қалатын. Қаланы дамыту тақырыптарын тек билік пен бизнес қарастырып, бұл саладағы көптеген маңызды шешімдер жабық есіктің арғы жағында қабылданатын. Тәуелсіз сарапшылар мен тұрғындардың пікірі ескерілмегендіктен дау туындайтын.

Диалогтың жоқтығынан туындаған осы әділетсіздікті еңсеру мақсатында біздің бастамамыз құрылды. Urban Forum Kazakhstan урбанистика жөніндегі тәуелсіз сараптамалық алаңын, ресурстар орталығы мен білім беру платформасын құру арқылы урбанистік пікірталасты қоғамның алға басуына ықпал ететін маңызды және беделді факторға айналдыруды қалады.

Осы он жыл ішінде Urban Forum Kazakhstan көптеген серіктестерінің қолдауының арқасында қала туралы әңгімені тар шеңберден кең қоғамдық арнаға шығарды. Біз алғашқы ашық пікірталастарды бастап, бүгін ең жоғарғы деңгейлерде анық естілетін және нақты шешімдерге ықпал ететін толыққанды урбанистік дискурсқа дейін жеттік. Азаматтық қоғам шешім қабылдау үдерісіне енді қосымша дәлелдеусіз-ақ қатыса алады. Әлеуметтік әділеттілік, тұрақты даму және озық шешімдерді ілгерілету тақырыптарына назар аударғанымыздың арқасында бұлар қоғамдық күн тәртібінің ажырамас бөлігіне айналды. Қор бұл әңгімені бір топ ынтагерлердің талқысынан шығарып, жүйелі шешімдер және жоспарлар кеңістігімен, жобалау мен басқару үдерістерімен байланыстырды. Бүгінде бұл ұлттық және жергілікті күн тәртібінің басты міндеттеріне айналды.

Біз урбанистиканы қала өміріне қатысы бар барлық тараптардың күш біріктіріп, экономикалық белсенділікті қолдайтын, әлеуметтік экожүйелерді, қала болмысын және биоалуантүрлілікті құрметтейтін қолайлы ортаны қалыптастыруы деп түсінеміз. Бұл – адамның жасына, тұрмыс деңгейіне, тұратын ауданына, жынысына қарамастан баршаға қолайлы орта.

Осы мақсатта біз деректерге, жергілікті бірегей сараптама мен әлемдік озық тәжірибелерге сүйенген диалогқа басымдық бердік. Қалада зерттеулер жүргізгенде қолданған тәсілдеріміздің әдістемесі, тереңдігі және пәнаралық қасиеті жоғары деңгейде болды. Бұл зерттеулердің көбі біздің аймақта алғаш рет жүзеге асты: қаланың балаға деген мейірімділігі, шет аудандарды дамыту, реновация, әлеуметтік тұрғын үй жобалары, сондай-ақ жоба алдында кешенді зерттеулерді жүргізудің авторлық әдістемесі.

Қордың жетістігі тек парақ бетінде ғана емес, шын өмірде де байқалады. «Зерттеуден диалог арқылы адвокацияға өту» деген қағидамыз кең ауқымды ақпараттық кампаниялар өткізуге, қала кеңістігін өзгерту жобаларын жетілдіруге, шешім қабылдау үдерістерін жақсартуға, жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

Urban Forum Kazakhstan-ның маңызды жетістіктерінің бірі – Алматыда Қала құрылысы кеңесін құру болды. Бұл кеңесті біз үш жыл бойы жүргізілген зерттеулер, адвокациялық жұмыс, мүдделі тараптармен келіссөздер арқылы құрдық. Алда оның қызметін кәсібилендіріп, барынша ашық етуге тырысу қажет. Дегенмен дәл осы кеңестің арқасында елдің ең ірі қаласында қаланы дамытуға қатысты әлдеқайда сапалы шешімдер қабылдана бастады.

Білім беру – қор қызметінің тағы бір басты бағыты. «Қалалар мен адамдар», Urbanitarium және Urban Forum Press бағдарламалары жаңа буын қала зерттеушілерін, белсенділерді және болашақ көшбасшыларды дайындау үшін маңызды. Бұлар – жай ғана білім беру ресурстары емес, бұл – қалалардың дамуының ішкі серпінін, сапалы қала ортасының маңызын тереңірек түсінуге көмектесетін жаңа мәдени платформа. Қалаға жай объект ретінде емес, өмір мен әділеттіліктің кеңістігі ретінде қарайтын қазіргі және болашақ мамандар үшін бұл екі бағдарлама өсіп-өрбу нүктесіне айналды.

Ұлттық және халықаралық деңгейдегі сарапшылар шеңберін құруға, сондай-ақ Қазақстан қалаларында урбанистік бастамалар желісін дамытуға бағытталған жылдар бойғы еңбегіміз бұл платформаның қалыптасуына зор үлес қосты. Соның арқасында қордың жұмыс аясы Алматының шегінен тыс шықты: маңызды жобалар Астана мен Қарағандыда, Өскемен мен Шымкентте жергілікті топтардың күшімен жүзеге асырылып, жалғасын тапты. Атырауда ауқымды бағдарлама іске асырылды.

Urban Forum Kazakhstan-ның 10 жылы – бұл жеңістерге, жаңашылдыққа және батыл қадамдарға толы онжылдық. Бұл тәуелсіз сараптамалық көзқарас, тұрғындардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуы және тұрақтылыққа негізделген ұстанымдар қалаларды өзгерте алатынын айқын дәлелдейді. Біз үшін бәрі енді басталып жатыр. Алда бізді жаңа биіктер, жаңа сынақтар және жаңа жетістіктер күтіп тұр. Біз оларды әр саладағы серіктестерімізбен, достарымызбен және пікірлес қауыммен бірге қарсы алуға қуаныштымыз. Олар ғылыми орталықтар мен кәсіби қауымдастықтарда, азаматтық қоғам мен бизнес құрылымдарында, әкімдіктерде, мәдени мекемелерде, жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдарда бар.

Бүгінде урбанистика жай ғана қала туралы ғылым емес, шағын өзгерістерге бағытталған пилоттық жобалар да емес, әдемі рендерлер мен заманауи абаттандыру үлгілері де емес. Бұл – қалаларымыздың және олардың әрбір тұрғынының жарқын болашағын қалыптастыратын адамдар мен ұйымдардың күнделікті тәжірибесі. Бүгінгі таңда бұл тәжірибе институттарды күшейтуді, диалогты тереңдетуді, озық үлгілерді жүйелі деңгейде зерделеп, жергілікті жағдайға бейімдеуді талап етеді. Өйткені қала – тек инфрақұрылымға емес, адамдарға, кеңістіктер мен жүйелерге назар аударуды талап ететін тірі, күрделі организм.

Біз жай ғана мерейтойымызды атап өтіп жатқан жоқпыз. Біз жаңа тарауды бастап жатырмыз. Urban Forum Kazakhstan әрі қарай да әр адамның жақсы өмір сүруге, шешім қабылдауға қатысуға, экологиялық қауіпсіздікті сезінуге және өзін еркін білдіруге құқығы бар қалаларда тәуелсіз сараптама кеңістігі, диалог алаңы және оң өзгерістердің бастауы болып қала береді.