Новости на главной

ОФ «Urban Forum Kazakhstan» подводит итоги проекта «Өседі!»

Атырау урбанистері қаланы көгалдандырудың инновациялық тәсілдерін сынақтан өткізіп жатыр


Атырау, 27 қазан. «Urban Forum Kazakhstan» ҚҚ қалалық кеңістіктерді көгалдандыру бойынша «Өседі» жобасын қорытындылап жатыр. Команда көптеген қала тұрғындары үшін жасыл аймақтардың қолжетімсіздігін атап өтіп, қалалық көгалдандырудың заманауи тәсілдерді ұсынады. Жобаны Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр.

Көгалдандыру – Атырау үшін өзекті мәселе. Жыл сайын билік қаланы абаттандыруға жүздеген миллион теңге бөледі, коммуналдық қызмет қызметкерлері мыңдаған көшет отырғызады, бірақ континентальдық климат пен топырақтың ерекшеліктеріне байланысты қалада әлі де өсімдік саны аз.

«Өседі» жобасының командасы көгалдандырудың заманауи тәсілдерін ұсынады. Бірінші кезеңде мамандар қала картасындағы барлық жасыл аймақтарды зерттеді: 70 ресми учаскелерден 32 жасыл аймақ ғана талаптарға сәйкес келеді, дегенмен бұларда да көгалдандыру сапасы төмен, ал екпелер әртүрлілікке тапшы.

Екінші кезеңде тұрақты жасыл аймақтарды құрудың пилоттық жобасы ретінде жоба мамандары Атырауда екі учаскені таңдап, топырақ талдауын жүргізіп, қазан-қараша айларында отырғызуды жоспарлап қойды.

«Urban Forum Kazakhstan» ҚҚ директоры Әділ Нұрмақов жоба туралы:

«Біз «Нұрсая» саябағында өңделмеген бос учаскені таңдадық. Өз жобамызбен қаланы қалай көгалдандыруға болатындығын көрсеткіміз келеді – бірдей көшеттерді қатар-қатар отырғызып қана қоймай, ғылыми тұрғыдан жақындап, жаңа тұқымдарды қолданып, композиция жасағымыз келеді. Жұмысты бастамас бұрын топырақты зерттедік, суаруды ойластырдық және топырақтың деградациясын болдырмау үшін шараларды ойластырдық.
Көгалдандырудың екінші учаскесі «Привокзальный» шағын ауданындағы аула болмақ. Командамыз бірнеше жылдан бері ауланы абаттандыру бойынша жұмыс істеп келеді. Отырғызу тұрғындардың жайлы да жағымды аула жайлы арманын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болады деп сенеміз».

Команда әр учаске үшін көгалдандыру жобасын әзірледі. Өсімдіктердің құрамын жаңа топыраққа отырғызғаннан кейін көгалдандырушылар отырғызуды бақылауды жалғастырады және көрші үйлердің тұрғындары үшін жасыл өсімдіктерді күту бойынша білім беру семинарларын өткізеді.


Урбанисты Атырау тестируют инновационные подходы в городском озеленении


Атырау, 27 октября. ОФ «Urban Forum Kazakhstan» подводит итоги проекта «Өседі» по озеленению городских пространств. Команда отмечает недоступность зеленых зон для большинства горожан и предлагает современные подходы в городском озеленении. Проект реализуется в рамках программы экстренной помощи «Qolda 4.0» Фондом Евразия Центральной Азии в партнерстве с компанией «Шеврон».



Озеленение является актуальной проблемой для Атырау. Ежегодно власти выделяют сотни миллионов тенге на благоустройство города, работники коммунальных служб высаживают тысячи саженцев, но город по-прежнему не может похвастаться густой растительностью из-за резко континентального климата и особенностей почвы.



Команда проекта «Өседі» предлагает современные подходы в озеленении. Первым этапом специалисты изучили все зеленые зоны на карте города: только 32 зеленых зон соответствуют требованиям из 70 формальных участков, однако даже на них отмечены низкое качество озеленения, отсутствие разнообразия в посадках.

Вторым этапом в качестве пилотного проекта создания устойчивых зеленых зон, специалисты проекта выбрали два участка в Атырау, провели анализ почвы и в октябре-ноябре текущего года запланировали посадки.

Директор ОФ «Urban Forum Kazakhstan» Адиль Нурмаков о проекте:
«Мы выбрали пустой невозделанный участок в парке «Нурсая». Своим проектом мы хотим показать, как еще можно озеленять город – не просто сажать рядами одинаковые саженцы, а подойти научно, применить новые породы и создать композицию. Перед началом работ мы изучили почву, продумали полив и предусмотрели меры, чтобы предотвратить деградацию почвы.
Вторым участком озеленения станет двор в микрорайоне «Привокзальный». Наша команда уже несколько лет работает над благоустройством двора. Мы верим, что посадка станет первым шагом на пути к реализации мечты жителей о комфортном и приятном дворе».

Команда разработала свой проект озеленения для каждого участка. После посадки композиции растений в новый грунт и подкормки, озеленители продолжат наблюдение за посадками и проведут обучающие семинары по уходу за зелеными растениями для жителей соседних домов.