Новости на главной

Эксперимент по использованию выделенной полосы для общественного транспорта на проспекте Райымбека

11 марта СМИ сообщили о том, что акимат Алматы в порядке эксперимента меняет правила использования выделенной полосы для общественного транспорта на проспекте Райымбека.

Теперь выделенная полоса для общественного транспорта на отрезке проспекта Райымбека от разворотного моста близ ЖК «Аккент» до транспортной развязки на пересечении с ул. Саина будет функционировать только с 7:30 до 9:30 и с 17:00 до 20:00. В остальное время по выделенной полосе сможет ездить частный автотранспорт.

Эксперимент, лишающий общественный транспорт даже того минимального приоритета, который у него имелся, вызывает много вопросов.

Мы считаем, что нововведение помешает развитию общественного транспорта в городе, увеличит время в пути для пассажиров на этом напряженном направлении, повысит риски совершения ДТП участниками движения.

Чтобы городской общественный транспорт эффективно выполнял свои задачи, он должен иметь преимущество на дороге, что позволит ему соблюдать график и своевременно доставлять пассажиров.

Urban Forum Kazakhstan выступает категорически против данной инициативы и требует обеспечить в городе действительный приоритет общественного транспорта.

Мы направили запрос в Управление городской мобильности для разъяснения сути эксперимента со следующими вопросами:

  • Чем мотивирована данная инициатива? Основана ли она на озвученном в 2021 году поручении Президента о временном использовании выделенных полос или же есть другие факторы, повлиявшие на решение?
  • Был ли проведен анализ исходных данных перед принятием решения? Если да, какие данные были получены?
  • В течение какого срока будет проводиться данный эксперимент? Каким образом и какие именно показатели будут замеряться?
  • Будут ли анализироваться записи видеорегистраторов автобусов и проводиться разбор конфликтных ситуаций?
  • При достижении каких целевых показателей эксперимент будет свернут или будет принято решение оставить новый режим функционирования выделенной полосы на постоянной основе?
  • Был ли изучен международный опыт решения проблем загруженности улиц с общественным транспортом?

Смотрите наше видео о проблемах с выделенными полосами в казахстанских городах и способах их решения на нашем YouTube-канале.



11 наурызда БАҚ, Алматы қаласы әкімдігінің Райымбек даңғылындағы қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақты пайдалану ережелерін тәжірибе ретінде өзгертетіні туралы хабарлады.

Ендігі жерде Райымбек даңғылының «Ақкент» тұрғын үй кешеніне жақын жердегі айналма көпірден Саин көшесімен қиылыстағы көлік айрығына дейінгі бөлігінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақ тек 7:30-дан 9:30-ға дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қалған уақытта бөлінген жолақ бойынша жеке автокөлік те жүре алады.

Қоғамдық көлікті, ол ие болған кішкентай ғана басымдықтан айыратын тәжірибе көп сұрақ туындатып отыр.



Біз бұл жаңалық қаладағы қоғамдық көліктің дамуына кедергі келтіреді, осы кептелісі көп бағытта жолаушылардың жолға жұмсайтын уақытын арттырады, қозғалыс қатысушыларының ЖКО жасау қатерін көбейтеді деп есептейміз.



Қалалық қоғамдық көлік өз міндетін тиімді орындауы үшін ол жолда артықшылыққа ие болуға тиіс. Бұл оған кестені сақтап, жолаушыларды дер кезінде тасымалдауға мүмкіндік береді.

Urban Forum Kazakhstan бұл жаңа бастамаға қарсы және қалада қоғамдық көліктің шын мәнісіндегі басымдығын қамтамасыз етуді талап етеді.



Біз келесі сұрақтарды қоя отырып, Қалалық мобилділік басқармасына тәжірибенің мәнін түсіндіруі үшін сұрау жібердік:

  • Бұл бастаманың уәжі қандай? Ол бөлінген жолақтарды уақытша пайдалану туралы 2021 жылы айтылған Президент тапсырмасына ғана негізделген бе, әлде бұл шешімге ықпал еткен басқа факторлар бар ма?
  • Шешім қабылдау алдында бастапқы деректерге талдау жүргізілді ме? Жүргізілген болса, алынған деректер қандай?
  • Бұл тәжірибе қандай мерзім ішінде жүргізілмекші? Қандай түрде және дәл қандай көрсеткіштер өлшенетін болады?
  • Автобустардың бейнетіркегіштерінің жазбалары талданып, кикілжің тудыратын жағдайлардың басы ашыла ма?
  • Қандай мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізгенде тәжірибе аяқталмақшы немесе бөлінген жолақтың қызмет етуінің жаңа режімін тұрақты негізде қалдыру туралы шешім қабылданбақшы?
  • Қоғамдық көлік жүретін көшелердегі кептеліс мәселелерін шешудің халықаралық тәжірибесі зерттелді ме?



Қазақстан қалаларындағы бөлінген жолақ мәселелері және оларды шешу тәсілдері туралы видеоларымызды біздің YouTube арнамыздан көріңіздер.