Urban Forum Kazakhstan
Рұқсат етілген жылдамдықты
30 км/сағ-қа дейін қысқарту
23.06.2020
Covid-19-дың ауыр эпидемиологиялық жағдайына байланысты Қазақстанның қалаларында медициналық инфрақұрылымңа түсетін жүкті азайту үшін Urban Forum Kazakhstan Қазақстан қалаларының жолдарындағы апаттардан зардап шеккен адамдардың санын қысқарту бойынша шұғыл шараларды ұсынады. Коронавирус сырқаттарына арналған төсек қорының қазірдің өзінде 90%-тен астамы бос еместігі байқалатын қалаларда автокөлік қозғалысының ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығын 30 км/сағ-қа дейін қысқартуды және жылдамдықты тексеретін камералардың барлығын осы көрсеткішке қайта баптауды ұсынамыз. Бүгінгі күні мұндай шара Алматы мен Нұр-сұлтан қалалары үшін өмірлік маңызлы мәселе болып отыр. Бұл қалаларда медициналық көмектің тұрғындардың барлығына бірдей дер кезінде көрсетіле алмауы байқалуда.
Рұқсат етілген жылдамдықты азайту шаралары, жол апаттарынан зардап шеккендер санын азайтуға бағытталған, Vision Zero бағдарламасының шешуші элементі болып табылады.
Әлемнің көптеген қалаларында ұқсас жұмыстар жүргізілуде
Вашингтон
Вашингтонда 2020 жылдың 1 маусымынан бастап жылдамдықтың стандартты шектеуі 20 миль/сағ-ты құрайды (32,19 км/сағ)
Окленд
Жаңазеландиялық Оклендте 30 маусымнан бастап көшелердің көпшілігінде жылдамдықты 30км/сағ-қа дейін шектеу енгізілуде.
Париж
Парижде тұрақты негізде жылдамдықты 30км/сағ-қа дейін, ал Boulevard Peripherique оқшауланған шеңбер жолында оны 50км/сағ-қа дейін шектеу қарастырылуда.
Алматыда жолдағы жағдай тұрақты түрде ауыр болып отыр. 2020 жылдың алғашқы 5 айында қаланың жолдарында 1100-ден астам адам зардап шекті. Ал 2019 жыл ішінде жол апатынан зардап шеккендер саны, ресми статистика деректері бойынша, 5469 адамды құрады, бұл күніне 15 адам және ол тек Алматы қаласында ғана. 103 қызметі мен жедел медициналық жәрдем экипаждарына шектен тыс жүк түсіп отырған жағдайда, жылдамдықты шектеу туралы шешім, ресурстарды Covid-19-бен күресуге босатуға мүмкіндік береді.

Алматы даму орталығының деректері бойынша, жолдағы барлық апаттардың 48,7%-і жаяу жүргіншілерді қағып кету болып табылады. Бұл оқиғалардың ең негізгі факторы дәл осы жылдамдық болып отыр. Жылдамдық сағатына 30 км болған жағдайда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қаза табу ықтималдығы небары 10%-ды құрайды, ал жылдамдық сағатына 50 км болған жағдайда - 85%. Алматы қаласында жол апаттарға алып келген тәртіп бұзушылықтардың статистикасы, жол оқиғаларының 35,6%-і жылдамдық режимінің бұзылуынан, ал 12,3%-інде көліктердің жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар арқылы өту тәртібін бұзудан болатынын көрсетеді. Осы деректерден, Алматы қаласында, жылдамдықтың адамдарды аяусыз өлтіріп жатқанын анық көреміз.
Балама көлік
Мұнан тыс, жолдарда жылдамдықты азайту шарасы, велосипед және басқа микромобильді көліктің тартымдылығын арттырады. Бұл автокөлігі жоқ азаматтар үшін әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып қозғалуға мүмкіндік береді.
Айып салынбайтын жылдамдық шегі
Көліктерді 30 км/сағ жылдамдықпен шектеу себебі, Қазақстанда айып салынбайтын 10 км/сағ жылдамдық режимін бұзу мүмкіндігі бар болуына байланысты. Басқаша айтқанда, жүргізушілер айыппұлды 40 км/сағ жылдамдықтан асқаны үшін алатын болады.
Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакциналар жоқ, алайда жолдардағы адам өлімін азайту бойынша шешім бар және ол көптеген елдерде қолданылуда. Біз қоғам ретінде адам құрбандығына немқұрайлы қарамауға тиіспіз. Жолдағы адам өлімі жол беруге болатын және болмай қоймайтын нәрсе деп саналмауға тиіс.