Тұжырымдар
Жаяу жүргіншілер үшін қалалық орта ыңғайлылығының жалпы бағалануы едәуір жоғары, әйтсе де Шымкенттің негізгі мәселелері ретінде сұхбаткерлер жаяу жүргінші жайлылығының негізгі факторларын – қоғамдық көліктің жұмысын және жаяужолдардың жағдайын атады.
«Жаяу жүргіншілік» бағалаулары жыныс пен жас шамасына қарай түрленеді: орта жастағы (30-39), зейнет жасына дейінгі (50-59) және зейнет жасындағы (60-тан жоғары) ерлер қаланы «ыңғайсыз» деп жиі атайды.
Қоғамдық көліктің сапасы орта жастағы әйелдер мен ер адамдардың (30-39) алаңдаушылығын тудырады, әсіресе – әйелдердің; аға жастағы ерлер (50-59) оған сирек шағымданады.
Қала мәселелерінің қабылдануы және және басымдықтардың қойылуы әйелдер мен ерлерде өзгешеленеді: әйелдерді экология көбірек алаңдатады, ал ерлер – жаяужолдардың жағдайы мен бос уақыт өткізу мүмкіндіне қатысты алаңдаушылық білдіреді.
Сұхбаткердің жасы неғұрлым жоғары болса, бос уақытын соғұрлым жиірек үйде өткізеді, кафеге немесе СОСО-ға сирек барады.
Парктер мен саябақтарды, яғни қала кеңістігін сұхбаткерлердің шамамен төрттен бір бөлігі ғана бос уақыт өткізу орны ретінде атады.
Қаладағы активизм жыныс пен жас шамасына қарай түрленеді: орта жастағы (40-49 жас) және зейнет жасына дейінгі (60-тан жоғары) ерлер қалалық бастамаларға қатысуға өзгелерден жиірек дайын болып шықты.