Қаскелеңнен Талғарға қатынайтын электр поезы дегенде көп адам мұны шамамен Райымбек даңғылымен қатар өтетін тіке темір жол түрінде елестетеді. Мәселе оны салу үшін тығыз құрылысы бар жер телімдерін сатып алып, бұзуда жатыр. Талғардан Қаскелеңге дейінгі қашықтық 54 км, оның көп бөлігінде құрылыс салынған. Жолдардан бөлек, иеліктен алынатын телім жол бойындағы қатынас құралдарына, кесіп өтетін жолдарға, бұрылу жолақтарына және т.б. қатысты. Бұл – аса үлкен жер ауқымы. Жолды жер үстінен эстакадалармен салу үшін де ірі және қымбат иеліктен алу жұмыстары талап етіледі. Сонымен қоса, эстакадаларды салу қымбат болады және көп уақытты қажет етеді.