Алматы мен Астанада жергілікті билік Smart City жобасына азаматтардың қатысу ауқымын кеңейту жөніндегі жұмыстарды жұргізуде. Бұған институционалдық реформалар, соның ішінде азаматтардың жүгінулеріне биліктегілердің жауап қатуы мен есептілік үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың енгізілуі, сондай-ақ Қоғамдық кеңестердің құрылуы жәрдемдеседі. Бұл жұмыс адамдарға ұсынылып отырған идеялар мен «ақылды» шешімдердің мәнісін жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін барынша айқын стратегияның бір бөлігі болуы тиіс.
Алматы мен Астана қалаларында «ақылды қаланы» енгізуден әлеуметтік-экономикалық әсер – қаланы дамыту саласындағы инновациялардың енгізілуімен және бастамаларға қатысып жүрген әртүрлі қатысушылардың тартылуымен күшейтіледі. Бұл дегеніміз – қоғамдық ұйымдар, әртүрлі азаматтық топтар, бизнес, стартаптар, ғылым және білм беру мекемелері және басқалары.
Азаматтық бастамалар қала деңгейінде белгілі қиындықтарға тап болуда. Азаматтар мен шешім қабылдайтын тұлғалардың арасында кері байланыстың тікелей арналары жоқ. Қалалықтардың цифрлық құзыреті мен ақпараттық сауаттылығын дамыту бойынша білім беру бағдарламалары әзірге жоқ, ал бұл – оларға «ашық деректермен» және басқа да «ақылды» өнімдермен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік берер еді.
«Астананы дамыту орталығы» АҚ мен «Астана Innovations» муниципалдық компаниясы жас кәсіби қоғамдастық, азаматтар, халықаралық ұйымдар және қала билігі арасында ынтымақтастық орнатуда делдал болудың зор әлеуетін көрсетті.