2021 жылы Urban Forum Kazakhstan, Қазақстандағы Гете -институттың қолдауымен көпфункционалды мобильді қоғамдық кеңістік – Aral парклетін жасап шығарды. Қала көшелерін жаулап алған көлік тұрақтардың арасында, адамдарға арналған, қала картасында жаңа орын құрғымыз келеді.
Біздің парклет конструктор ретінде әзірленген және екі автономды алаңнан тұрады. Ол әр түрлі іс-шаралардың форматы мен сипатына бейімделеді: мұнда дәріс пен ми шабуылын өткізуге, мобильді кофехананы немесе DJ музыкалық пультін ұйымдастыруға болады. Парклет оңай орнатылады және орнын ауыстыра алады.
Біз оны өз жобаларымыз үшін пайдалануды, серіктестерге ұсынуды және жалдау бойынша ұсыныстарға ашық болуды жоспарлап отырмыз (жалдау сұрақтары бойынша:
info@urbanforum.kz).
Aral парклетінің бірінші локациясы – Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысы. Біздің аралға келіңіздер, фотосуреттерді #parkletaral хе штегімен белгілесеңіз болады.
Парклет Goethe Institut Kasachstan қолдауымен және Art Guild шеберлерімен жасалған.