Open Call
Жерсерік және GIS деректерімен жұмыс жасау. Алматыдағы жылу аралдарын зерттеу
Работа со спутниковыми и GIS данными. Исследование городских тепловых островов в Алматы
UFK Алматыдағы жылу аралдары құбылысын талдауға арналған байқау жариялайды.Жоба шеткі аудандарға ерекше назар аудара отырып, қаланың жылу жүктемесін бағалауға бағытталған.

Мақсат
Алматыдағы жылу аралдарына кеңістіктік талдау жүргізу және жер беті температурасының (LST) дәлдігі жоғары картасын жасау, қала ортасының жылуға осалдығын сипаттайтын қосымша қабаттар әзірлеу.

1. Ашық дереккөздердегі жерсерік деректерін жинау және өңдеу (Landsat 8/9, MODIS, Sentinel-3, Sentinel-2, ERA5, OpenStreetMap, DEM, GHSL)
2. Жер беті температурасының картасын жасау (LST есептеу, ажыратымдылығы 30 м-ге дейінгі деректерді сұрыптау және өңдеу)
3. Өсімдік жамылғысын, құрылыстың тығыздығы мен түрін, жер беті жамылғысының сипатын ескере отырып, тұрақты қызу аймақтары мен жоғары температура кезеңін анықтау үшін деректерді талдау.


Күтілетін нәтиже
1. Визуализациялар және олардың қысқаша түсіндірмесі (карталар топтамасы)
2. Талдау жұмысы (10–15 бет)
- әдістеме
- деректер мен тендециялардың сипаттамасы
- қорытындылар

Жерсерік және GIS деректерімен жұмыс істейтін зерттеу топтары мен жеке мамандардың өтінімдері қабылданады
Ұқсас жобаларды кәсіби деңгейде жүзеге асыру тәжірибесі талап етіледі
Урбанистика мен климаттық саясатты түсінетін мамандарға басымдық беріледі
Ақылы деректер мен құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді


Өтетін уақыт
6–8 апта (2026 жылғы мамыр–маусым аралығы)

Зерттеу нәтижелері мына бағыттарға негіз болады:
қалаға байланысты шешімдерді қабылдау,
ілкі жобаларға араласу,
климаттың өзгеруіне бейімделу жайлы дискурс

Өтінімде көрсету қажет мәліметтер:
тәжірибе (түйіндеме, портфолио және/немесе cover letter)
әдістеме жобасы және зерттеудің жұмыс кестесі

Өтінімді info@urbanforum.kz мекенжайына 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін жіберу қажет.
UFK объявляет конкурс для анализа эффекта городских тепловых островов в Алматы. Проект направлен на оценку тепловой нагрузки с особым вниманием к периферийным жилым районам.

Задача
Пространственный анализ тепловых островов Алматы и создание высокоточной карты температуры поверхности (LST) с дополнительными слоями, относящимися к тепловой уязвимости городской среды.

1. Сбор и обработка спутниковых данных из открытых источников (Landsat 8/9, MODIS, Sentinel-3, Sentinel-2, ERA5, OpenStreetMap, DEM, GHSL)
2. Построение карты температуры поверхности (расчет LST, очистка и обработка данных при разрешении до 30 м)
3. Анализ данных для выявления устойчивых зон перегрева и пиков жары в контекстах растительности, плотности и типа застройки, характера поверхностей и рельефа.

Ожидаемый результат
1. Визуализации и их краткие интерпретации (набор карт)
2. Аналитическая записка (10–15 страниц)
- методология
- описание данных и тенденций
- выводы

Заявки принимаются от исследовательских команд и индивидуальных специалистов по работе со спутниковыми и GIS данными
Обязателен опыт профессионального выполнения подобных работ / проектов
Преимуществом будет считаться понимание урбанистики и климатической повестки
Использование платных данных и инструментов не допускается

Сроки
6–8 недель (в период май-июнь 2026 г.)

Результаты исследования станут основой для:
городских решений,
пилотных интервенций,
дискурса о климатической адаптации

В заявке необходимо указать:
опыт (резюме, портфолио и / или cover letter)
проект методологии и таймлайн исследования

Заявку необходимо отправить на адрес info@urbanforum.kz до 30 апреля 2026 г.