Тұжырымдар
Қазақтың студент жастары Алматыны ең алдымен білім беру келешегі тұрғысынан қабылдайды, яғни бұл – олар оқып жатқан және білімге қол жеткізе алатын жер. Қаланың артықшылығы ретінде жастар ойын-сауық құру және қызықты адамдармен танысу мүмкіндігін атайды.
Оқудан кейін Алматыда қалу – қазақтың студент жастарының басымдықты өмірлік стратегиясы, әсіресе ауыл жастары үшін. Облыс орталықтарынан келген студенттер жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін шетелген кетуге жиі ниет білдіреді.
Жастар қалаға бейімделуде ешқандай мәселені көріп отырған жоқ. Басым көпшілігі өздерін толығымен немесе ішінара алматылықтар ретінде анықтайды. Адам қалада неғұрлым ұзақ тұрса, соғұрлым өзін алматылық ретінде есептейді.
Қалалық ортаның оң қабылдану көрсеткіштерінің бірі – «алматылықтарға» айқын оң көзқарас болып табылады. Зерттеуге қатысушылар оларды ілгерішіл, стильді, сыпайы және ықыласты адамдар ретінде сипаттайды.