URBAN FORUM KAZAKHSTAN
Алматы қалалық бастамалар желілері
Зерттеу
Азаматтық қоғамның тұрақтылығы халық пен жекелеген азаматтық бірлестіктердің саяси белсенділігіне ғана емес, сонымен қатар азаматтар қауымдастығын байланыстыратын желілердің құрылымына да байланысты. Әлеуметтік капиталдың әртүрлі нысандары (мысалы сенім, ақпарат тарату және басқ. секілді) әлеуметтік қатынастардың белгілі сипаттамаларының арқасында туындап жатады. Зерттеуде қаланың дамуымен айналысатын азаматтардың бастамалары арасында туындайтын желілер зерттелді.

Қалалық бастамалардың жартысынан артық бөлігі заңи рәсімделген ұйымдар болып табылады. Жиілігі бойынша екінші орында – «заңды тұлғаны құрусыз жобалар сериясы». Тек екі жағдайда ғана бастамалардың өкілдері өз қызметінің дара жоба болып табылатынын және мақсатқа қол жеткізгеннен кейін қызметін тоқтататынын атап өтті.

Алматы қалалық бастамалары едәуір ірі және белсенді болып табылады. Бір ұйымға шаққанда, орташа есеппен, жетіден артық команда мүшесінен келеді, олар 2017 жылы орташа есеппен 3,6 жобадан іске асырған.

Бұрын 2015 жылы құрылған азаматтық бастамалар қызметінің аса кеңінен тараған саласы «Мәдениет және өнер», «Әлеуметтік кәсіпкерлік», «Сәулет және дизайн» және «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелері» болды. Аса «жас» бастамалардың арасында келесі салалар кеңінен тарады: «Экология» және «Жергілікті қоғамдастықтарды дамыту».

Көптеген сұхбаткерлер бір уақытта екі кеңінен тараған бағытты атап өтті: «Жергілікті қоғамдастықтарды дамыту» және «Мәдениет және өнер».

Азаматтық бастама өкілдерінің басым көпшілігі өз әріптестерін басқа қалалық бастамалар мен жобалардың арасында жиі көреді. Донорлар (халықаралық ұйымдар) екінші орында, ал БАҚ – танымалдығы бойынша үшінші орындағы әріптес болып табылады.
Тұжырымдар
Зерттеуге барлық алматылық бастамалар қатысқан жоқ, бірақ олардың едәуір бөлігі қатысты. Сауалнаманың көптеген қатысушылары үшін олардың зерттелген бастамалар аясындағы қызмет ету тәжірибесі азаматтық саладағы алғашқы тәжірибе болып табылады.

Белсенділер өз алдына қоятын міндеттер мен қызмет бағыттарының арасында белгілі байланыстар бар. Абаттандыруға баса назар аударылған бастамалар жиі жағдайларда биліктің назарын аудартуға тырысады. Бұны түсінуге болады, өйткені қала билігі – осы мәселелерді шешуде маңызды ойыншы болып табылады.

Ұйымдардың арасындағы байланыстар құрылымы әлсіз, бұл – әлеуметтік капиталдың активтері шағын екенін білдіреді. Алматы қалалық бастамалары – бір-бірімен әріптестік байланыстар арқылы әлсіз байланысқан ұйымдардың аз саны бар сала.

Бір салада жұмыс істейтін ұйымдар едәуір жиі байланысқа түседі. Бұны – «тақырыптық сегрегация» (focal closure) деп те атайды. Жалпы деректерге сәйкес, қалалық бастамалардың санына байланысты жағдай жақсарып келе атқанын байқауға болады. Соңғы жылдары ұйымдар санының белгілі деңгейде өсуі байқалуда (әйтсе де бұны стратегиялық маңызды үрдіс ретінде анықтауға болмайды).
Ұсынымдар
Бастамалардың саны мен оларға тартылған адамдардың көбеюі байланыстардың өсуіне жағдай жасайды. Алайда, осындай «табиғи» үдерістермен қатар, бастамалардың арасындағы байланыстардың дамуын қосымша ынталандырған жөн. «Бетпе-бет» әрекеттесудің жақсы үлгісі - UrbanCamp болды.

Баламалы стимул ретінде – виртуалды алаңдар болуы мүмкін, олардың аясында бастама өкілдері тәжірибе алмаса алады, маңызды таныстық байланыстар орната алады және жалпы алғанда, қалалық жобалар бойынша өз әріптестері не істеп жатқанын біле алады. Жобалар, бастамалар, идеялар, өзге бастамалар туралы ақпаратты кеңейту «тақырыптық сегрегация» аясын еңсеруге мүмкіндік береді.