Қала көшелеріндегі автокөлік жылдамдығын 30 км/сағ дейін төмендетсек қалай болады?
***
Қаланы барынша жайлы және қауіпсіз етудің жолы қандай? Қалалықтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың жолы қандай? Қаладағы зиянды шығарындылар мен шуыл деңгейін қалай төмендетуге болады? Осы орайда, автокөлік кептелісі мәселесін қалай шешуге болады?
Осының барлығына бірден қол жеткізудің ең жылдам әдісі – қала көшелерінде автокөлік қозғалысының жылдамдығын шектеу болып табылады.
«Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы» мақсаттарының бірі – жылдамдық тәртіптемесін сағатына 30-50 шақырымға төмендете отырып апаттылықты азайту және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру болып табылады.
Бұл шешім нақты сізге не ұсынатынын қарастырайық!
"Сіз кімсіз?"
Қазақстанда жыл сайын жолдарда 2,000 адам опат болады және 20,000 адам ауыр жарақаттар алады. Бұның негізгі себебі – жылдамдық.
Сағатына 30 шақырым жылдамдықта жүргізушінің назары және әрекет ету жылдамдығы, сондай-ақ қозғалыстың басқа қатысушыларын көру қабілеті жоғары болады және автомобильдің тежеу жолы қысқарақ болады. (2)
Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жағдайда, рөлде отырған адам үшін ауыр салдарға әкелу ықтималдығы төмен болады.
Сағатына 30 шақырым жылдамдықта көшенің максималды өткізу қабілетіне қол жеткізіледі. (3)
Кептелістердің басты себептерінің бірі – агрессивті жүргізу стилі. Сағатына 30 шақырым кезінде ағынның жылдамдығы кездейсоқ жылдамдық алусыз, тежеусіз және орын ауыстырусыз барынша болжауға келеді.
Барынша тыныш көшелер автомобиль жүргізушілерінің бір бөлігін қысқа сапарлар үшін велосипедке немесе самокатқа отыруға итермелейді. Бұл - трафиктің қарқындылығын қысқартады.
Жылдамдықты сағатына 30 шақырымға шектеу қозғалыстың ең осал қатысушыларын: жаяу жүргіншілерді, балаларды, егде адамдарды және мүгедектігі бар адамдарды қорғайды.
Сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан автомобильмен соқтығысқан жағдайда жаяу жүргіншінің тірі қалу және жеңіл жарақатпен құтылу мүмкіндігі 90%-ға артады. (1)
Мұндай жылдамдықта қозғалып бара жатқан кезде жүргізушінің тіпті жолға жүгіріп шыққан баланы байқамай қалу тәуекелі де барынша азаяды.
Төмен жылдамдық көшелерде велосипед және самокат пайдаланушылары үшін қолайлы жағдай жасайды, олар өзін барынша жайлы және қауіпсіз сезінеді. (8)
Жылдамдық тәртіптемесін төмендету арқылы адамдар ЖКО-ға ұшырамаудың немесе ауыр салдардан құтылудың арқасында өзінің экономикалық белсенділігін жалғастырады.
Қазақстан ЖКО салдарынан жыл сайын шамамен 330 млрд. теңге жоғалтады (11).
Көптеген сауалнамалардан байқалғанындай, жаяу жүргіншілер (әсіресе балалары бар) қалада өзіне төнетін негізгі қауіп ретінде автомобильдерді атады (9).
Жылдамдықты сағатына 30 шақырымға дейін шектеу – жол қауіпсіздігін арттырады, осының арқасында ата-аналар балаларын өз бетінше серуендеуге сенімді түрде жібере алады.
Автомобиль атмосфераға зиянды шығарындыларды әсіресе күрт жылдамдық алу және тежеу кезінде шығарады. (5)
Осылайша, жылдамдық тәртіптемесін шектеу – әсіресе трафигі жоғары аудандарда ауаның ластану деңгейін төмендетеді.
Сағатына 30 шақырымнан жоғары жылдамдықта қоршаған ортаның шуылдан ластану деңгейі күрт артады. Бұл шуыл қозғалтқыштан және шиналардың асфальтпен үйкелуінен туындайды – сағатына 60-70 шақырым кезінде шуыл 70-80 дБ-ге дейін жетуі мүмкін. Мұндай шуыл деңгейінің үнемі әсер етуі адамның есту қабілеті мен жүйке жүйесі үшін зиянды болып табылады. (3)
Барынша тыныш көшелерде, барынша қауіпсіз аудандарда жер мен жылжымайтын мүліктің құны өседі, өмір деңгейі арта түседі.
Көптеген зерттеулер мен деректерге сәйкес, сағатына 30 шақырым жылдамдықта автомобильдің жаяу жүргіншімен соғысуы барысында өлім жағдайы мен жарақаттанудың төмен (10%-дан төмен) болатыны расталды (1)
Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жағдайда жүргізуші жауапқа тартылады, бірақ жаза қатты бола қоймайды.
Мұндай жылдамдықта жүргізушілердің зейінділігі мен назары да барынша жоғары болатыны дәлелденген. (2)
Сағатына 30 шақырым жылдамдықта көшенің максималды өткізу қабілетіне қол жеткізіледі – ағындағы жүргізу стилі барынша байсалды және болжауға келетіндей болады, ал автомобильдердің арасындағы арақашықтық қысқара түседі. (3)
Егер көшелер барынша қауіпсіз болса, ата-аналар өз балаларын еш уайымсыз серуенге немесе мектепке жалғыз жібере алады.
Машиналардан шығарындылар көбінесе жылдамдық алу және тежеу кезінде тасталады. Жылдамдықты сағатына 30 шақырымға шектеу автомобильдерден ауаның ластану деңгейін азайтуға мүмкіндік береді.
Қозғалыс жылдамдығы жоғары болған кезде көшедегі шуыл деңгейі 70-80 дБ-ге жетуі мүмкін. Мұндай диапазонда шуылдың үнемі әсер етуі денсаулыққа зиянды болып табылады. (3) Қозғалыс жылдамдығын сағатына 30 шақырымға дейін төмендету мұндай тәуекелдерді азайтады.
Көшелер барынша жанданады және жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және самокатшылар үшін қолайлы бола отырып, олардың бизнес үшін тартымдылығын арттыра түседі.
Егер сіз әлі де күдіктенсеңіз (бұл қалыпты жағдай! өйткені, біз ұсынып отырған өзгерістер үйреншікті емес, ал ғылыми дәлелдер өз арамыздағы теріс ұғымдармен әрдайым бәсекелесе алмайды), қысқа бейнені көріңіз, онда біз кеңінен тараған дақпыртар туралы айтамыз – одан кейін сілтемені әлеуметтік желілерде достарыңызбен міндетті түрде бөлісіңіз!
Біздің ұсыныстар
Заңнаманы өзгерту – соның ішінде сағатына 10 шақырымды құрайтын "айып салынбайтын шек" туралы норманы одан алып тастау және жүргізуші куәліктерінің берілуін бақылауды күшейту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзушыларды жүргізуші куәліктерінен айыруды қарастыру.
Жобалау стандарттарын өзгерту және оларға әлемнің үздік тәжірибесінің ескерілуімен Vision Zero бейімделген шараларын енгізу.
Vision Zero қағидаттарын енгізу – ЖКО тәуекелін болдырмау үшін көшелердің профилін физикалық жолмен тарсформациялау (жолақтарды тарылту, қоғамдық көлік аялдамаларында қауіпсіздік аралдарын, жаяужол мүйістерін және антиқалташаларды, сондай-ақ бағдаршамдар мен жаяу өткелдерді қосымша жарықтандыру, жасанды кедір-бұдырларды орнату және трафикті тыныштандырудың басқа да әдістерін қолдану).
Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің және т.б. бір-бірін көру мүмкіндігін бұғаттайтын жарнама конструкцияларын демонтаждау ("көріну үшбұрышы").
Жылдамдық тәртіптемесінің бұзушылықтарын бейнетіркеу камераларының санын арттыру.
АЛМАТЫ ҮШІН "30 АЙМАҚ" ЕНГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР:
Сағатына 50 шақырым
Сағатына 30 шақырым
Сағатына 20 шақырым
Егер сіз жағдайды өзгертуге үлес қосқыңыз келсе, ресми органдарға шағымдану үлгісін жүктеп алып, e-otinish платформасы арқылы жіберіңіз.
Сағатына 30 шақырым және сағатына 40 шақырым кезінде тежеу жолының айырмасын бейнелейтін әлеуметтік плакат. Авторы және жылы белгісіз.
Тайланд әлеуметтік экспериментінің бейнесі. Жүргізушілерге сағатына 50 шақырыммен және сағатына 20 шақырыммен қауіпсіз жүргізудің айырмасын сезінуге мүмкіндік береді. Бангкок Көлік департаменті 2017
Сағатына 30 шақырым науқанына арналған Молдова бейнесі. Молдова автомобиль клубы 2021
Париждің сағатына 30 шақырым және сағатына 30 шақырым емес аймақтарындағы әлеуметтік белсенділіктің визуалдау күні. Salazar-Miranda, A., Heine, C., Duarte, F., Schechtner, K., Ratti, C. MIT, Senseable City Lab 2022
Бейне: Кептелістердің туындауына жылдамдық қалай әсер етеді. Бейнеде Urban Forum Kazakhstan маманы Диас Маратұлы симуляторда көрсету арқылы ағынның қозғалу жылдамдығының кептеліске әсерін айтып береді. Urban Forum Kazakhstan 2020
Сағатына 49 шақырым жылдамдықта жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша краш-тест. Praxis Conference Pedestrian Protection 2018
Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күніне орай постерлер. Мәскеу көлік департаменті 2021
Біз Алматының ЖКО тәуекелдерін төмендету бағытын қолдаймыз, бірақ Қазақстанның барлық елді мекендерінде осылай болуы тиіс деп есептейміз.
Алматының үлгісі шешім қабылдайтын адамдардың осындай «түбегейлі» болып көрінуі мүмкін өзгерістерден қорықпауы тиіс екенін көрсетуі тиіс, өйткені, нәтижесінде көшелер барлығы үшін қауіпсіз болады.
Біздің науқанды қолдау үшін және Қазақстан қалаларын жайлы және қауіпсіз ету үшін – әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарыңызда ол туралы айтып беріңіз!