Urban Forum Kazakhstan
Әділетті қаланы жобалау
Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде, сағат 19.00 Circle Bar-да Urban Forum Kazakhstan "Баршаға тең мүмкіндік беретін әділетті қаланы жобалау" атты брошюрасының (How to Design a Fair Shared City) қазақ тіліне аудармасымен таныстырып, кітап авторымен кездесу өткізді.

Прагалық урбанист Милота Сидорованың комикстермен баяндалатын еңбегінде қаладағы көшелер мен қрғамдық орындарды абаттандыру кезінде үнемі назарға алына бермейтін қала тұрғындарының пікірлері мен қажеттіліктері туралы әңгімелер топтастырылған. Urban Forum Kazakhstan кітапты қазақ тіліне аударып (аударманы жасаған – Ертөре Оразай) кітаптың авторын өз еңбегін жергілікті оқырмандарға таныстыру үшін Қазақстанға шақырды.

Бұл кітаптың тұсау кесерін Сидорова ханымның WPS Prague үкіметтік емес ұйымы мен алматылық Levelstudio сәулет бюросы бірлесе отырып өткізді.
«Мен үшін әлеуметтік саладағы әділдік мәселесі әрқашан маңыздыб сол себептен сәулетшілер қала жобалау ісіне келгенде әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмауы керек деп сенемін. Әлі де болса өзі жобалаған ғимаратты ғаламның орталығындай көріп, ал сол ғимаратты және оның айналасын қолданатын адамдар және олардың мүдделерін екінші орын ысырып қоятын сәулетшілер бар. Алайда үлкен тұрғын үй немесе кеңсе ғимараттарының заманы ақырына таяу қалды – жоқ дегенде Орталық Еуропада солай. Ірі кешендер салу қазір қажеттілігін жоғалтуда – қазіргі таңда басты назарда жалпыға ортақ қоғамдық орындарды жобалау болып отыр. Мұндай қоғамдық орындарды жобалағанда қала тұрғындарының барлық тобының мүдделері ескеріледі»

Милота Сидорова
қалалық жобалар және стратегиялық даму мәселелрі бойынша кеңесші, Прагадағы әйелдердің қоғамдық өмірге араласудағы тең құқылығын қамтамасыз ететін WPS Prague (Women Public Space Prague) жобасының авторы
Серіктестер