Что не так с общественными обсуждениями генплана? / Бас жоспардың қоғамдық талқылауларының кемшілігі неде?
29.01.2021
Мы приветствуем проведение общественных обсуждений по корректировке генплана Алматы, инициированных Управлением городского планирования и урбанистики. Члены команды Urban Forum Kazakhstan и эксперты нашего фонда активно участвуют в этой работе, будучи нацеленными на результат. Тем не менее, мы вынуждены с сожалением отметить, что процесс омрачается недостаточной проработкой механизма отдельных обсуждений и алгоритма всего процесса в целом.

Вызывает вопросы также объем и характер предоставленных документов. В частности, не предоставлен целый ряд графических материалов; предоставленные выложены в низком разрешении. В ряде томов отсутствует страницы, что наталкивает на мысль о том, что для общественного обсуждения открыт доступ не к проектным документам, а к черновикам. В ряде опубликованных пояснительных записок отсутствует титульный лист, что порождает вопросы: а) опубликованы ли все книги данного тома, и б) является ли данный материал действительно частью официального комплекта Генплана.

Отдельно следует отметить отсутствие правовой основы у процесса, что уменьшает вес обсуждений как метода общественных консультаций и предложений, которые предстоит выработать в рабочих группах. Срок в 1-1,5 месяца, который отведен на обсуждения и выработку предложений, вызывает сомнения в серьезности намерений организаторов относительно гражданского вовлечения.

Наконец, во время обсуждений разработчики и заказчик стоят на защитных позициях, оправдывая свои решения, что не способствует конструктивному диалогу и ставит под сомнение их открытость для принципиального совершенствования документа. Такой подход уже сейчас вызывает отторжение со стороны общества, что, в свою очередь, грозит всеобщим недоверием и сопротивлением любому развитию.

Серьезные споры возникают в рабочих группах по самым разным вопросам - от попыток сформулировать ценности и вектор стратегического развития Алматы до специфических, частных тем выбранной проблематики. Отчасти это происходит от отсутствия повестки и фасилитации, однако основной причиной является недостаток информированности при избытке информации, выложенной единовременно для ознакомления общественности в предельно сжатые сроки.

Срочных мер требует и существующая ситуация с застройкой и выдачей разрешений на строительство. При составлении планов развития города важно обеспечить приоритет транспортных проектов над застройкой, выстроив весь процесс выдачи разрешений и планирования застройки в соответствии с принципами транзитно-ориентированного развития. Без этих мер все декларации об устойчивом развитии "города без окраин" и улучшении качества воздуха останутся лишь мечтами.
Мы убеждены, что своевременное, процедурно организованное и последовательное вовлечение экспертов и горожан на этапе анализа текущей ситуации и разработки планировочных решений, а не после завершения этой работы, помогло бы избежать проблем, с которыми сталкиваются организаторы и рабочие группы. Что важнее, это позволило бы выработать более устойчивые и продуманные решения для города, чем те, которые мы вынуждены обсуждать сейчас.
На текущем этапе очевидно, что многие из предложенных решений не выдерживают общественной критики и не соответствуют озвученным стратегическим приоритетам. Отдельные разделы необходимо переосмыслить в соответствии с современными тенденциями развития городов и заново провести необходимые расчеты и анализ с полноценным вовлечением общественности и экспертов.
Бас жоспардың қоғамдық талқылауларының кемшілігі неде?
Біз, Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының ұсынысымен өткізіліп жатылған, Алматының бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өткізуді құптаймыз.Urban Forum Kazakhstan командасының мүшелері мен қордың сарапшылары нәтижеге бағытталған бұл жұмысқа белсене қатысады. Дегенмен, бұл процесс жекелеген талқылаулар механикасы мен тұтас алғанда бүкіл процесс алгоритмінің жеткіліксіз пысықталуымен ұштасатынын өкінішпен көріп отырмыз.

Ұсынылған құжаттардың көлемі мен сипаты да сұрақтар туғызады. Атап айтқанда, бірқатар графикалық материалдар ұсынылмаған; кейбір материалдар төмен ажыратымдылықта ұсынылған. Бірқатар томдарда беттер жоқ, бұл қоғамдық талқылау үшін дайын жобалық құжаттарға емес, тек шималарға ғана қол жетімділік бар деген ой тудырады. Жарияланған бірқатар түсіндірме жазбаларда титулдық парақ жоқ, бұл жауабы жоқ сұрақтарды туғызады: А) Осы томның барлық кітаптары жарияланған ба?, Ә) Бұл материал шынымен де бас жоспардың ресми жиынтығының бөлігі болып табылады ма?

Процестің құқықтық негізінің жоқтығын атап өткен жөн, бұл қоғамдық консультациялар әдісі ретінде талқылаулардың салмағын және жұмыс топтарында әзірленуі тиіс ұсыныстардың күшін азайтады. Талқылауға және ұсыныстар әзірлеуге бөлінген 1-1,5 айлық мерзім, ұйымдастырушылардың азаматтық қоғамды тартуға деген ниеттеріне күмән тудырады.

Сонымен қоса, талқылау кезінде әзірлеушілер мен тапсырыс берушілер қоғамдық пікірге күмәнмен қарап қорғаныс позицияларында тұрады. Бұл сындарлы диалогқа ықпал етпейді және құжатты түбегейлі жақсарту үшін олардың ашықтығына күмән келтіреді. Бұл тәсіл қазірдің өзінде қоғамда қабылдамау тудырып отыр, бұл өз кезегінде жалпы сенімсіздік пен кез-келген дамуға қарсы тұруға қауіп төндіреді.

Жұмыс топтарында, Алматының стратегиялық дамуының құндылықтары мен векторын қалыптастыруға тырысудан бастап, таңдалған мәселенің нақты, жеке тақырыптарына дейін түрлі мәселелер бойынша, күрделі даулар туындайды. Бұл ішінара күн тәртібі мен фасилитацияның жоқтығынан туындайды, бірақ негізгі себеп – қысқа мерзімде жұртшылықты таныстыру үшін бір уақытта жарияланған ақпараттың көптігіне қарамастан хабардарлықтың болмауы.

Құрылыс салуға және құрылысқа рұқсат беруге қатысты қазіргі жағдай да шұғыл шараларды талап етеді. Қаланы дамыту жоспарларын жасау кезінде транзиттік-бағдарланған даму қағидаттарына сәйкес құрылыс салуға рұқсат беру мен жоспарлаудың бүкіл процесін құра отырып, көлік жобаларының құрылыс салудан басымдығын қамтамасыз ету маңызды. Осы шараларсыз "шетсіз қаланың" тұрақты дамуы және ауа сапасын жақсарту туралы барлық декларациялар тек арман болып қала береді.
Біз бас жоспарды әзірлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін емес, ағымдағы жағдайды талдау және жоспарлау шешімдерін әзірлеу кезеңінде сарапшылар мен қала тұрғындарын уақтылы, рәсімдік ұйымдастырылған және дәйекті тарту, ұйымдастырушылар мен жұмыс топтарының тап болатын проблемаларын болдырмауға көмектесетініне сенімдіміз. Ең бастысы, бұл біз қазір талқылауға мәжбүр болғаннан гөрі қала үшін тұрақты және ойластырылған шешімдер жасауға мүмкіндік беруші еді.
Қазіргі кезеңде ұсынылған шешімдердің көбі қоғамдық сынға төтеп бере алмайтыны және айтылған стратегиялық басымдықтарға сәйкес келмейтіні анық. Жекелеген бөлімдерді қалаларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сәйкес қайта ойластыру және жұртшылық пен сарапшыларды толыққанды тарта отырып, қажетті есептеулер мен талдауды қайта жүргізу қажет.