Urban Forum Kazakhstan
Алматы қаласындағы BRT желісінің екінші кезеңінің жобасына, Urban Forum Kazakhstan мамандарының ұсыныстары
Алматы қаласындағы BRT желісінің екінші кезеңінің жобасына, Urban Forum Kazakhstan мамандарының ұсыныстары.
1
Желтоқсан көшесіндегі BRT линиясында, жеке көліктердің оң жаққа бұрылуын қоғамдық көліктің жолағына шықпай ұйымдастыру. Бұл шешім жол ережесіне сәй келеді. Өзгерістің ең маңызды пайдасы, автобустарды оңға бұрылатын жеке көліктердің себебінен пайда болатын кептелістен сақтап қалу.
2
Жаяу жүргіншілердің қауыпсыздығын қамтамасыз ету үшін Желтоқсан және Толе би көшелерінде жеке көліктерге арналған жолақтардың енін 2.8 метрге дейін қысқарту керек деп ұсынамыз. Мустафин көшесінде, BRT системасының бірінші кезеңінде іске асырылған мұндай шешім өзінің нәтижесін анық көрсетті. Кәзіргі жоба бойынша, жеке көліктерге арналған жолақтардың ені 3.5 метрден 5.14 метрге дейін өзгеріп жасалған.
3
BRT желісінің бойындағы барлық қиылыстарда торлы белгілеулерді салу қажет. Бұл шешім жолдағы барлық қатысушыларға кедергісіз жүруге мүмкіндік береді. Торлы белгілеудің жоқтығынан туылып тұрған қиындықты, Тимирязев көшесінің Манас көшесімен қиылысуында анық көруге болады. BRT желесімен жүретін автобустармен троллейбустардың бәрі Манас көшесінен шығатын автокөліктерден пайда болған кептелісте тұруға мәжбүр.
4
Толе би көшесінде жолақтардың санын біріңғай жөнге келтіру. Кәзіргі проект бойынша Толе би көшесінде жеке көлікке арналған жолақтардың саны әр бағытта бірден үшке дейін өзгеріп жатыр. Алайда, жол құрылысы негіздерінен белгілі зат, бұл жағдай кептелісті ұлғайтатын фактор болып келеді. Сол себептен, Urban Forum Kazakhstan, Толе би көшесінің бүкіл ұзындығы бойынша, жеке көліктерге арналған жолақтардың санын әр бағытта бір-біден қалтыру керек деп ұсынады. Сонымен қоса, бұл шешім, Толе би көшесінде ағаштарды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Төмендегі бейнеленуде, кәзіргі проекттегі жеке көліктерге арналған жолақтардың саны екіден бірге дейін өзгеретінін көріп тұрмыз.