17 наурыз күні сағат 10:00-де Қазақстан Баспасөз клубында (Алматы қ., Самал-2, 58-үй, 1-кіреберіс, 2-қабат) «Көлік секторында шешімдерді қабылдау. Алматы мен басқа қалалардың тәжірибесі» тақырыбында баспасөз мәжілісі өткізді. Іс-шараны Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен Urban Forum Kazakhstan ұйымдастырып отыр.
Соңғы 7 жылда көлік жобаларының бірнеше тұжырымдамасы дайындалып, ішінара жүзеге асырылды. Жобалар бір-бірін толықтырып, кейде бір-бірімен қайшы түсіп жатады. Алайда қаланың көлік саласында және жерді пайдалану саласында шешімдер қабылдаудың біртұтас тұғыры бар ма? 2000 жылдан бастап Алматыда жол айырығы, бұрылу тағасы, түнел, эстакадалар сынды 38 жол инфрақұрылым жобасы салынып/жобаланып жатыр. Бұл қымбат бағалы нысандар тұрақты қала мобильдігін қамтамасыз ету мәселесін шешті ме? Неліктен қала әкімшілігінің қабылдаған бірқатар шешімдері іс жүзінде бір-бірімен қайшылыққа түсіп жатыр? Неліктен тұрғындар оларға ешнәрсені ұсынбастан, олардың өмірін шектеп жатыр деп есептейді?
Көлік жөніндегі мамандар Алматының көлік саясатында қабылданып жатқан шешімдердің қисынын түсіну үшін қала әкімшілігі тұрақты мобильділікті ілгерілету, қала көліктерінен ауаға шығарылатын қалдықтарды төмендетуге бағытталған қандай шараларды қабылдап жатқандығына талдау жүргізді. Талдау жүргізген авторлар Алматының жергілікті тәжірибесін дамыған және дамып жатқан елдердің тәжірибесімен салыстырды. Қалалар көліктің экологиялық жағдайға теріс ықпалын төмендету үшін мәселелерді қалай шешіп, велоинфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына қандай қағидаларды негіз етіп алып жатқандығын, тұрғындармен қалай жұмыс жүргізілетіндігін салыстыра келе, мамандар Алматыға арнап өз ұсынымдарын берді.
Кездесуде көтерілетін негізгі мәселелер:
1. Көліктің қала экологиясына ықпалы;
2. Алматыдағы транзитке бағытталған жоспарлау: жерді пайдалану және құрылыс салу жұмыстары қалай өтуде;
3. Қалаға кіруге шектеу салудың өзектілігі, көлікке экотаңбаларды жапсыру және ауаға шығарылатын қалдықтар деңгейі төмен аймақтар.
Баспасөз мәжілісінің спикерлері:
Роман Барабанов, Urban Forum Kazakhstan көлік жөніндегі маманы
Елена Ерзакович, қала мобильділігі саласындағы халықаралық сарапшы