Алматы тұрғынының әлеуметтік-мәдени сипатын (сәйкестілігін) анықтау үшін, зерттеушілер Чарльз Куни әдісі бойынша сауалнама әзірледі. Оның негізі – адамның негізгі әлеуметтік жағдайлары мен рөлдерін анықтау болды.
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Алматы тұрғындары әдетте өздерін ана/әке (37%), адам (27%), Қазақстан азаматы (26%), әйел/еркек (20%) ретінде сипаттайды. Маңыздылығы бойынша екінші орында тұрған рөлдер – маман (9%), жеке тұлға (7%), сондай-ақ отбасылық мәртебе.
Алматылықтың ерекше қасиеттерін атап өткен кезде сұхбаткерлер мынадай оң сипаттамаларға жиі назар аударады: «жоғары мінез-құлық мәдениеті» (26%), «ақ пейілділік» (14%) және «ашықтық» (7%). Жағымсыз қасиеттер сирек аталады – «әбігершілік» (3%), «қаталдық», «менмендік», «мақтангершілік» және «ұлттық дәстүрлерден бас тарту» (1%-дан).
Бұрынғы астанамыздың негізгі символдарының үздік үштігіне мыналар кірді: Медеу биік таулы мұз айдыны (38%), алма, соның ішінде «Апорт» сұрыпы (21%) және телевизиялық мұнарвсы бар Көктөбе тауы (10%).
Барлық жастағы топтар үшін қаланың бірегейлігі оны қоршаған табиғатпен байланысты болды. Сауалнамаға қатысушылардың 67%-ы таулы ландшафтты, Іле Алатуының мұздықтарын, көлдер мен сарқырамаларды атап өтті.
Табиғаттық-климаттық ерекшеліктерімен қатар, алматылықтардың пікірінше, қаланы сәулет нысандары да ерекше етеді (28%). Қаланың экономикалық және мәдени даму жағдайлары, сондай-ақ қала тұрғындары секілді бірегейлік факторлар азырақ айтылды.
Оңтүстік астанамызды тұруға лайық деп ұсынудың басты себептері ретінде мыналарды атап өтті: тұрғындар даму үшін мүміндіктердің болуы - «мүмкіндіктер қаласы» (33%), табиғаттық-климаттық жағдайлар - «қала-шипажай» (23%) және мәдени ойын-сауық инфрақұрылымы - «мерекелі қала» (22%).
Алматының кемшіліктері туралы сұраққа жауап бере келе, қалалықтар жол-көлік саласының мәселелерін атайды, соның ішінде кептелістерді, көлік тұрақтарының болмауын, қоғамдық көліктің жұмысына және т.б. қатысты шағымдарды (39%), өмір сүрудің қымбаттығын (32%) және экология жағдайын (32%) қоса алғанда.
Жауап бергендердің 46%-ы қаланың мәселелеріне бей-жай қарай алмайды – олар мәселелерді байқайды, мұндай мәселелерді шешу идеялары бар, қаладағы өмірді жақсарту бойынша ұсыныстар жасауға әзір. Бірақ өз идеяларымен және ұсыныстарымен билікке жүгінуге – жауап бергендердің 1%-ы ғана дайын болып шықты, бұл – қаланы дамыту мәселелерінде билікпен ынтымақтасуға ниеті жоқтығын немесе дайын еместігін білдіреді.